Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар екіжақты қатынастардың, оның ішінде өзара парламентаралық іс-қимылдың келешегі мен жай-күйін талқылады. Өсіп келе жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі екені атап өтілді, ол Қазақстан экономикасына келетін жапон инвестициясының 34,5%-н, тауар айналымының 72%-н құрап отыр.
Сенатор халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша Қазақстан мен Жапонияның ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті. Біздің еліміз екіжақты және көпжақты негізде, атап айтқанда Орталық Азия + Жапония диалог алаңы аясындағы әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі болып отыр.
Жапония Парламентіндегі Қазақстан-Жапон қатынастарына қарқын беруге елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанмен достық лигасымен өзара іс-қимылды дамытуға Қазақстан парламентшілерінің дайын екені айтылды.
Елші екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті және Жапония біздің мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Қазақстанды сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастыратынын жеткізді.