Сенатор Андрей Лукиннің төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады.
Құжат 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау міндетін қойып отыр.
Заң қабылданғанда Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастар нығаяды, сондай-ақ елдер арасындағы мәдениетаралық және дінаралық диалогты одан әрі дамытуға жәрдемдесетін болады.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.