Сенатта микрокредит бойынша артық төлем мөлшерін екі есе қысқарту ұсынылды

9 Маусым 2022, 11:59
1535
Бөлісу:
Сенатта микрокредит бойынша артық төлем мөлшерін екі есе қысқарту ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу, оны дамыту және банк қызметі мәселелері талқыланды. 

Осы заң аясында банк қызметін жетілдіру көзделіп отыр. Оның ішінде микрокредит бойынша артық төлем мөлшерін екі есе қысқарту ұсынылып отыр.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова түсіндіріп берді.

Микроқаржылық қызмет туралы заңның қолданыстағы редакциясы шеңберінде жеке тұлғаға 50 АЕК-ке дейін сомаға және 45 күнге дейін мерзімге микрокредит берудің ерекше жағдайлары көзделген. Мысалы, микрокредит бойынша сыйақының шекті мәні және айып мөлшері шектелген, - дейді ол.

Мәдина Әбілқасымова заң жобасында микрокредит бойынша артық төлем мөлшерін екі есе қысқарту, яғни микрокредит сомасынан 100%-дан 50%-ға дейін қысқарту арқылы қарыз алушылардың борыш жүктемесін шектеу ұсынылып отырғанын айтты.

Заң жобасы сақтандыру, банктік және қор нарықтарының серпінді өсуі арқылы экономиканы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы