Сенатта қолжетімді баспана мәселесі талқыланды

29 Наурыз 2021, 23:42
1516
Бөлісу:
Сенатта қолжетімді баспана мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдармен және «Отбасы банкінің» өкілдерімен Қазақстанның тұрғын үй саясатын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Сенат комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның айтуынша, мемлекет халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған әрі айтарлықтай қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген бағдарламалық құжаттарды әзірледі. Сенаторлар осыған байланысты тұрғын үй саясатын реформалау мәселелерін ерекше назарда ұстап келеді.

2021 жылы «Отбасы банкі» тұрғын үйге кірістері бойынша қолжетімділік баспалдағына сәйкес есепке алуды, орналастыруды және бөлуді жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институты болады деп күтілуде, –  деді Ольга Перепечина.

«Отбасы Банкі» Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова банктің жаңартылған қызметі, оның негізгі міндеттері және олардың халыққа беретін несиелері туралы айтты. Оның айтуынша, банктің міндеті - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жеңілдетілген банктік қызметтерді ұсыну.

Отырыста Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы айтты. Олардың  қатарына: тұрғын үй сатып алуға құрылыс салушылармен оффейк келісімшарттар жасасу, жеке құрылыс салушыларға жобалық қаржыландыру тетіктерін енгізу, ауылдық жерлерде тұрғын үй салу шығындарының бір бөлігін жұмыс берушінің субсидиялауы және басқа мәселелер бар. Сонымен қатар министрлік еліміз тұрғындарының өз зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын кеңейту туралы ұсыныс жасады. Бұл жерде ауылға келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету аясында бюджет несиелері бойынша жұмыс берушінің қызметкерлерге тұрғын үй сатып алу және басқа да нақты мақсаттар үшін берген несиелер бойынша міндеттемелерді өтеуі туралы айтылып отыр.

Кездесу барысында сенаторлар тұрғын үй құрылысындағы жағдаймен, сондай-ақ оны дамытудың жаңа бағыттарымен егжей-тегжейлі танысты.



Өзгелердің жаңалығы