Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанға қатысты құжат қабылданды

3 Маусым 2021, 12:04
4179
Бөлісу:
Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанға қатысты құжат қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Cенаты Қазақстан мен Әзербайжан арасында көші-қон саласын реттейтін келісімді ратификациялады.

Келісімге 2019 жылы 14 қазанда Баку қаласында Қазақстан мен Әзербайжан Ішкі істер министрлері қол қойған.

Келісімді ратификациялау көші-қон ағындарын реттеу, азаматтық мәселелерін шешу және заңсыз көші-қон желілерін анықтау үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Нақтырақ айтсақ, статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалады, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Қазақстан мен Әзербайжан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықталады. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға болады. Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерінде заң бойынша қос азаматтық жоқ, - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Оның айтуынша, осы заңды қабылдау азаматтық мәселелері бойынша ақпаратпен алмасу, қос азаматтық және заңсыз көші-қонға қарсы күресте туындаған мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.

Ал сенатор Сұлтанбек Мәкежановтың 2018 жылы Қазақстанға 50 мыңға жуық Әзербайжан азаматы келсе, 2019 жылы 48 мың адам келгенін айтты.

Қазақстаннан 2018 жылы 29 мың, 2019 жылы 28 мың азамат Әзербайжанға барған. Әзербайжан азаматтарының көбі Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тұрады. Былтыр Қазақстан аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 415 әзербайжандық әкімшілік жауапқа тартылды,112-сі елден шығарылды, - дейді сенатор.


Өзгелердің жаңалығы