Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Бауыржан Қаниев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында жұмыс істейтін Жібек жолы тобының IV Халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенаторлар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін әріптестерімен бірге талқылады.
Шара барысында сонымен қатар ЕҚЫҰ ПА-ға қатысушы елдердің парламентшілері көлік дәліздерін дамыту, сауда және тасымалдау рәсімдерін жеңілдету, Жібек жолы арқылы адамдардың, тауарлардың, қызметтердің және инвестициялардың еркін және қауіпсіз қозғалысына жәрдемдесу жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Стамбул декларациясы қабылданды, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық байланыстары бойынша бұдан былайғы өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.