Сенаторлар жастарды қолдау мәселесін талқыға салды

15 Маусым 2023, 13:03
776
Бөлісу:
Сенаторлар жастарды қолдау мәселесін талқыға салды
PHOTO
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Сенатор Нұртөре Жүсіптің төрағалық етуімен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, онда сенаторлар «Жаңа Қазақстан: Жастар және жаңғырту» тақырыбындағы парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдарды іске асыру барысымен танысты.

Сенаторлар жастарды қолдау мәселесін талқыға салды

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде жастар тақырыбы әрқашан күн тәртібінде тұрғанын, ал жастардың әлеуметтік мәселелерін шешудің маңызын әсіресе қаңтар оқиғасы көрсетіп бергенін атап өтті. Сенатор өткен Үкімет сағаты барысында депутаттар бірқатар проблемаларды көтеріп қана қоймай, оларды шешу жолдарын ұсынғанын да еске салды.

Сенаторлар жастарды қолдау мәселесін талқыға салды

Шараға Сенат депутаттары, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері қатысты.

 

Сенаторлар жастарды қолдау мәселесін талқыға салды

Сенаторлар шара қорытындысы бойынша кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар жауапты мемлекеттік органдардың назарына жеткізілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы