Сенаторлар Түркістан облысында комитеттің көшпелі отырысын өткізді

29 Қазан 2022, 16:26
1035
Бөлісу:
Сенаторлар Түркістан облысында комитеттің көшпелі отырысын өткізді
PHOTO

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізіп, бірқатар әлеуметтік және стратегиялық маңызды нысандарды аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл отырыс Президенттің Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Сенаторлар сапар барысында өңірдегі білім, денсаулық сақтау және еңбекті дамыту мәселелерін талқылады.

Сенаторлар Түркістан облысында комитеттің көшпелі отырысын өткізді

 Комитеттің Түркістан облысына бару сапарының мақсаты – аймақта болу және осы салалардағы өзекті мәселелермен танысу болып табылады. Жалпы, кездесулердің бәрі пайдалы болды. Олардың нәтижелері мен қорытындылары алдағы уақытта тиісті заң жобаларын қарау кезінде және комитет жұмысы барысында пайдаланылатын болады, - деді Комитет төрағасы Нариман Төреғалиев.

Сенаторлар сапар аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында болып, мекеменің ғылыми-ағартушылық қызметінің жүзеге асырылу барысымен танысты және музей ұжымымен әңгімелесті.

Сенаторлар Түркістан облысында комитеттің көшпелі отырысын өткізді

Парламентшілер оқушылар сарайында да болып, оқушылармен кездесті. Депутаттар жиынға қатысушыларға Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтып берді және еліміздегі білім саласын дамытудың маңызы туралы жан-жақты әңгімеледі.

Сенаторлар сонымен қатар, облыс және қала мәслихаттарының депутаттарымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы