Сенаторлар СҚО-да

23 Қараша 2019, 10:25
6786
Бөлісу:
Сенаторлар СҚО-да
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Әділбеков бастаған комитет мүшелері Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданында және Щучинск қаласында болды.

Сенаторлар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында қайта өңдеу салаларын дамыту және қазақстандық тауарларды аймақтық нарықтарда ілгерілету мәселелерін қарады.

RUS_6986.jpg

Парламентшілер Тайынша қаласындағы биоэтанол, бидай маңызы, крахмал, ұн және мал азығын өндіретін "BioOperations" кәсіпорнында болды. Кәсіпорынға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 11 миллиард теңгеден асады. Биоэтанол шығаратын цехты 2020 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Сенаторлар Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевпен кездесу барысында аймақтың дамуы, оның ішінде инновациялар мен бизнес мәселелерін талқылады.

Щучинск қаласында болған кезде сенаторлар "Baitas" қонақ үйінің, "Promenade Burabay" тұрғын үй кешенінің құрылысын көрді. Депутаттар бұл нысандардың құрылысы өңірде туризмді дамытуға жаңа серпін береді деп санайды.

RUS_7210.jpg

Сенат депутаттары қысқы спорт түрлері бойынша "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында да болды. Орталықта осыған дейін 67 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 179 спорт шебері даярланған болатын.

Депутаттар сапар аясында Щучинск қаласындағы балама отын-су-мазут эмульсиясы өндірілетін №12 қазандықта болды, бұл азот тотығы мен улы газдың шығуын төмендетуге мүмкіндік береді.

RUS_7614.jpg

Комитет төрағасы бүкіл әлемде су тапшылығы мәселесіне назар аударды.

Сенаторлар Бурабай аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Жүздесуде ауданды одан әрі дамыту, мәслихат жұмысының мәселелері көтерілді. Салалық комитет төрағасы С.Жақсыбеков бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы