Сенаторлар Шымкент қаласында дәрігерлермен бірге өзекті мәселелерді талқылады

30 Желтоқсан 2024, 19:46
311
Бөлісу:
Сенаторлар Шымкент қаласында дәрігерлермен бірге өзекті мәселелерді талқылады
Фото: сенат

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы медициналық жедел жәрдем станциясында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Онда денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және станция қызметкерлерімен кездесу барысында жедел жәрдем жүйесін дамытуға қатысты негізгі мәселелер көтеріліп, егжей-тегжейлі талқыланды.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында Үкіметтің алдына денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде міндеттер қоя отырып, денсаулық сақтауға ерекше назар аударып отыр. Бүгінгі таңда салаға қомақты қаржы салынды және оның нәтижесі мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Біз дәрігерлерді оқытуға және олардың ынта-ықыласын арттыруға бағытталған жаңа кадрлық саясатты қалыптастыруды қолға алдық. Заң шығару қызметі аясында өзекті мәселелерді шешуге және халықтың денсаулығын сақтау жүйесін жақсартуға көмектесетін заңдарды қабылдауға баса назар аударамыз, - деді Нұрлан Бекназаров.

Сенатор Айгүл Қапбарова жедел жәрдем қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі ағымдағы заңдар туралы айтып берді.

Елімізде жедел жәрдем жүйесі жеделдіктің төрт санатына бөлінген. Бригадалар осы санатқа жататын шұғыл қоңыраулар бойынша тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бұл тәсіл ауыр науқастарға басымдық беруге және ресурстарды ұтымды пайдалануға көмектеседі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы