Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенаторлар сапар барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылады және Палата жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.
Сенаторлар аудандағы шаруа қожалықтарының басшыларымен де кездесті. Жүздесуде олардың сұрақтарын тыңдады және ауыл шаруашылығы саласы бойынша қаралып жатқан заң жобалары туралы айтып берді.
Депутаттар Шемонаиха ауданындағы кездесулерде көтерілген барлық проблемалық мәселелерді назарында ұстайтынын атап өтті.