Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенаторлар сапардың бірінші күні жер асты қатпарынан мұнай өндірілетін кен орнында болып, "САУТС-ОЙЛ" ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Ағымдағы жылдың маусым айында Парламентте көмірсутегінің дәстүрлі емес түрлерін, оның ішінде тақтатас асты мұнайын барлау мен игерудің заңнамалық негізін қамтамасыз ететін түзетулер қабылданды. Сондықтан бүгінгі таңда осы саладағы заңнамалық ережелерді іс жүзінде жүзеге асыру маңызды болып отыр, - деді Ерік Сұлтанов.
Компания өкілдері сенаторларды тақтатас мұнайын өндірудің келешегі, барлау, бұрғылау, өндіру технологиялары, сондай-ақ кен орнының даму барысы туралы хабардар етті.
Бұл компания қойнауы кенге толы Қарағансайдағы тақтатас жынысының асты мұнай мен газға бай екенін ел тарихында алғаш рет анықтаған болатын.