ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Алтынбек Нұхұлы мен Ернұр Әйткенов Павлодар облысында болды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысу үшін аймақ басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Депутаттар Павлодар қаласындағы №2 жылу энергетикалық орталығында да болды. Қаланың ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілген болатын. Оның жылыту маусымына дайындығы мәселесі ерекше бақылауда тұр.
Сенаторлар ЖЭО-дағы өндіріс жұмысымен танысты және салалық цехтарда болып, Екібастұздағы өткен жылғы төтенше жағдайға ұқсас аварияларды болдырмау үшін жұмыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында сенаторларға №2 Павлодар ЖЭО-да жылыту қазандықтары мен турбиналарға жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатқаны және алдағы маусымға барлық қызметтер қойылған міндеттерді уақтылы орындауы тиіс екендігі туралы ақпарат айтылды.