Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 27 сәуір күні өтетін Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соған сәйкес алдағы Палата отырысында сенаторлар «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.
Бұл заңның нормалары азаматтық және қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсету арқылы құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған.
Келісімді ратификациялау екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні анық.
Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.