Сенаторлар оңтүстіктегі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барды

10 Шілде 2024, 16:51
289
Бөлісу:
Сенаторлар оңтүстіктегі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барды
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Сенат депутаттары Геннадий Шиповских пен Алишер Сатвалдиев Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында болды және құрылыс жұмысының барысымен, кейбір әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ сапар барысында аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады және ағымдағы мәселелерді талқылады.

Әйтеке би ауылындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына арнап салынып жатқан 154 пәтерлік 77 үйдің құрылыс жұмысының барысымен танысу басты мақсаттың бірі болды. Өткен жылы 50 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алғаны және осы бағытта қарқынды жұмыстар жалғасып жатқаны туралы сенаторлар хабардар етілді.

Парламентшілер Абай ауылында болған кезде тұрғын үйлердің арасындағы газ желісі құрылысының барысымен де танысты. Олар сондай-ақ өткен жылы пайдалануға берілген жаңа амбулаторияны көріп шықты және оның қазіргі жағдайы мен жұмысын бағалады. Депутаттар Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңында да болды.

Депутаттардың жұмыс сапары ауданның маңызды әлеуметтік нысандарының жай-күйімен, құрылыс жұмыстарының барысымен егжей-тегжейлі танысуға және жергілікті тұрғындармен өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы