Сенат депутаттары Әлібек Нәутиев Атырау облысында, Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысында болып, тасқын суға қарсы күресте жерлестеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлібек Нәутиев Атырау облысындағы тасқын суға байланысты жағдаймен танысты. Ол төтенше жағдайға байланысты тасқын сумен күрес жөніндегі штабтың жұмысына қатысты. Депутат Талдыкөл, Сарайшық, Таңдай, Есмахан, Көздіқара ауылдары мен Махамбет ауданында болды.
Жайық өзеніндегі Батыс Қазақстан облысы аймағынан келе жатқан тасқын су екпіні өте қатты. Өзен бойындағы елді мекендер халқы тасқын суға қарсы жағаны бекіту жұмыстарын ұйымдастырып, табандылықпен күресуде. Махамбет ауданында 17 елді мекен Жайық өзені бойында орналасқан. Біздің штаб қажетті жабдықтар және жанар-жағар маймен қамту мақсатында ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруда. Тасқыннан қорғану жұмыстары барлық елді мекендерде жүргізілуде. Дегенмен әлі де қосымша техника, қапшық керект, - деді сенатор Наутиев.
Депутат Шәкәрім Бұқтұғұтов тасқын суға қарсы шараларға көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысына аттанды. Депутат Шемоиха ауданында жергілікті тұрғындармен және аудан басшылығымен кездесіп, ауданның негізгі су айдыны – Үбе өзеніннің ахуалын тексерді. Ол сондай-ақ Глубокое ауданында Белоусов су қоймасының жағдайы мен елді мекендегі су бұру жүйесін мұқият зерделеді және, төтенше жағдайлар қызметінің дайындығына куә болды.
Риддер қаласында өзендердің, бұлақтар мен каналдар арналарын тазарту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. Ол жұмыстар ауқымды тасқын болдырмауға көмектесті. Бұл бағытта жұмысты жалғастыру керек, өйткені еріген қар суының екінші толқыны мен жауын-шашын болады. Осыған байланысты тасқын суға қарсы алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды күшейту қажет, - деді сенатор.