Сенаторлар Мұнайлыда мектеп құрылысының барысымен танысты

7 Қаңтар 2023, 16:45
1227
Бөлісу:
Сенаторлар Мұнайлыда мектеп құрылысының барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серікбай Трұмов пен Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар Маңғыстау ауылын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысының барысымен, сондай-ақ Қызылтөбе ауылдық округінде 1200 орындық газ құбыры мен мектеп құрылысымен танысты.

Мемлекеттік мектеп құрылысының салынуы үш ауысымдық оқыту мәселесін жеңілдетуге көмектеседі. Жұмыс жоспар бойынша 2024 жылы аяқталуы тиіс.

«Мемлекет «Жайлы мектеп» жобасын әзірлеген болатын. Бұл жоба мектептердің жетіспеушілігін толығымен шешетін болады. Сондықтан құрылыс мерзімдерін сақтау және жұмыстың жоғары сапасын сақтау аса маңызды. Осыған байланысты жергілікті әкімдік пен тиісті мемлекеттік органдар тарапынан осы мектептің құрылыс барысына қатаң бақылауды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар», - деп атап өтті сенатор Серікбай Трұмов.

Сенаторлар Ақтау қаласындағы «Қазатомөнеркәсіп – МАЭК» ЖШС мекемесі мен «Каспий» су тұщыту зауытының жұмыстарымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы