Жаңадан тағайындалған сенаторлар куәлігін алды

13 Тамыз 2019, 19:52
2040
Бөлісу:
Жаңадан тағайындалған сенаторлар куәлігін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кейбір депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы" қаулылар қабылдады.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Кұл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Лукин Андрей Иванович, Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Нұржігітова Дана Өмірбайқызы, Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы тіркелген.

Бірінші рет тағайындалған Сенат депутаттарына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. М. Имашев куәліктер мен төс белгілерін тапсырды.

13_08_2019_2.jpg

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес тіркелгеннен кейін сайланған депутаттар өз өкілеттіктеріне кіріседі.

Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды. Олар: Әйтімова Бырғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич, Ким Георгий Владимирович, Куставлетов Дулат Рашитович, Түсіпбеков Рашид Толеутайұлы.

85.jpg

Бұдан басқа, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлы өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соғатын негіздің басталуы туралы қаулы және Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Михайловна Маркованы міндеттерінен босату туралы қаулы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы