Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

22 Маусым 2022, 15:00
991
Бөлісу:
Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақмола облысының Аршалы кентінде көшпелі отырыс өткізді. 

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Онда халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, кадр саясаты және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.

Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Комитет хатшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалық етуімен өткен отырысқа сенаторлар, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысы денсаулық сақтау ұйымдары мен Аршалы аудандық орталық ауруханасының басшылары қатысты.

Сенаторлардың көшпелі отырысын өткізудің басты мақсаты – ауылдағы денсаулық сақтау жағдайымен, атап айтқанда, ауруханаларды кадрлармен қамтамасыз ету, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру, сондай-ақ жергілікті әкімдік тарапынан дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шараларымен таныстыру болып табылады.

Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Нариман Төреғалиев өзінің сөзінде халық денсаулығы мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екеніне назар аударды. Сенатор сондай-ақ медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау саласындағы бірқатар жүйелі проблемаларды, кадрлардың тапшылығын жою және ауыл халқы үшін көлік медицинасын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мен құқықтық қорғаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған қосымша шаралар пакетін әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Алайда, бұл тапсырмаларды орындау негізсіз кешіктіріліліп отыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша дәрігерлік мекемелердің штатында 7 072 маман жетіспей отыр. Мамандардың, әсіресе УДЗ мамандары, неонатологтар мен акушерлер жетіспейді. Өткен жылы 284 акушер-гинеколог жұмыстан босатылды. Жұмыстан шығу себебі – жалақының төмендігі, - деп атап өтті депутат.

Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Отырыс барысында салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де сөз сөйледі. Отырысқа қатысушылар сондай-ақ осы саладағы проблемаларды шешу жолдарын талқылады.

Сенаторлар көшпелі отырыс барысында медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады
Өзгелердің жаңалығы