Сенаторлар ЕЭК жұмысын жетілдіретін заң жобасын талқылады

20 Қыркүйек 2022, 16:50
1009
Бөлісу:
Сенаторлар ЕЭК жұмысын жетілдіретін заң жобасын талқылады

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттың мақсаты Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін жетілдіру.

Заң жобасы сонымен қатар Комиссия департаменттерінің директорлары және олардың орынбасарларымен Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге еңбек шартын жасасуды көздейді, комиссия қызметкерлері үшін оларды ұзарту мүмкіндігімен еңбек келісімшарттарының 5 жылдық мерзімі, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған қызметкерлер үшін өтпелі ережелер белгіленеді. 

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы