Сенаторлар ауыл тұрғындарымен бағаның негізсіз өсу мәселелерін талқылады

23 Тамыз 2022, 20:20
1143
Бөлісу:
Сенаторлар ауыл тұрғындарымен бағаның негізсіз өсу мәселелерін талқылады

Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев жұмыс сапары барысында Түркістан облысының Сайрам ауданында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар жергілікті тұрғындармен кездесіп, Көлкент ауылдық округіндегі шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдері бағасының негізсіз өсуі, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы алқаптарының тапшылығы және жерді суарудың проблемалық мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, парламентшілер көкөніс өсірумен айналысатын «Ешлик» шаруа қожалығының жұмысымена назар аударды.

Өңірдің шаруа қожалықтарында біз ауыл халқының табысын арттырудың оң тәжірибесімен және суармалы жерлерді тиімді пайдаланумен таныстық, – деп атап өтті Әли Бектаев.

Өзгелердің жаңалығы