Сенаторлар ақпаратқа қол жеткізу және қоғамның қатысуы туралы заңды қарады

Кеше, 18:36
203
Бөлісу:
Сенаторлар ақпаратқа қол жеткізу және қоғамның қатысуы туралы заңды қарады
Фото: сенат

Бүгін Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі заңда ұсынылған құқықтарын жақсарту және мемлекеттік институттарда ашықтықты арттыру туралы өзгерістердің маңыздылығы туралы айтты. Ол заң азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін жақсарту мен азаматтардың осы сала бойынша құқықтарының сақталуы жөнінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға орай уәкілетті органға жаңа өкілеттіктер беруді көздейтінін жеткізді.

Заңға енгізілген өзгерістер барлық азаматтардың ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Заңның негізгі ерекшеліктерінің бірі – мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне назар аудару, бұл әркімнің ақпарат алуға тең мүмкіндіктері бар неғұрлым инклюзивті қоғам құруға мүмкіндік береді. Мұндай өзгерістер құқық қолдану тәжірибесін жақсартуға ғана емес, сонымен бірге азаматтық құқықтарды нығайтуға да ықпал етеді. Ол әсіресе, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуде аса маңызды. Олар физикалық жағдайына қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтарына кепілдік береді, - деп атап өтті сенатор.

Заң сонымен қатар мемлекеттік наградалар туралы заңнамаға үміткерлерге қойылатын талаптарды жақсартуды көздейтін түзетулер енгізеді және мемлекеттік наградаларды беру рәсімін нақтылайды. «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» заңға да жаңалықтар енгізілетін болады. Көрнекі ақпаратты орналастырғанға дейін оны жергілікті атқарушы органдармен келісу ұсынылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы