Сенаторлар Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді

4 Қаңтар 2023, 20:05
826
Бөлісу:
Сенаторлар  Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді
PHOTO

Бүгін  Парламент Сенатының депутаттары қалалық Мәслихат депутаттарымен елімізде жүргізіліп жатқан кешенді демократиялық реформалар мен Қазақстанның саяси жүйесін қайта жаңғыртуды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында депутаттар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты  сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына егжей-тегжейлі тоқталды. Жоспар шеңберінде Мәслихат тарапынан депутаттық корпустың белсенді және ашық жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсап, қала тұрғындарының сұраныстары мен уақыт талаптарын ескере отырып, бірқатар инновациялар енгізетін болады.

 

Сенаторлар  Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді

Мәслихат төрағасы Станислав Канкуров Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру, бюджет қаражатын тиімді  жұмсалуын бақылау және қалалық бағдарламаларды орындауды қамтамасыз ету, азаматтардың ұсыныстарын қарастыру және проблемаларын шешу, қаланың жүйелік проблемаларын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мегаполисті одан әрі дамыту жөнінде бастамалар дайындау Мәслихат жұмысындағы басты басымдықтар болып табылатынын атап өтті.

Сенаторлар  Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді

Сондай-ақ, іс-шара барысында Алматы қаласының бірқатар экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемалары талқыланды. Мәслихат депутаттары  Сенат депутаттарына ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бұқаралық спортты дамыту, дәрілік препараттарға бағаны төмендету, ақыл-есі кем балаларға мүгедектік тағайындау тетігін қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы туралы мәселелерді шешуде қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

Сенаторлар  Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізді

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Агломерацияларды дамыту туралы» ҚР Заңын, сондай-ақ оған ілеспе түзетулер пакетін қабылдап, Президентке қол қоюға жолдаған болатын. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Осыған байланысты депутаттар еліміздегі ірі Алматы агломерациясын дамыту үшін Сенат пен Мәслихат депутаттарының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы