Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Владимир Волков ТМД Парламентаралық ассамблеясы Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысына қатысты.
«Сенатор Владимир Волков Санкт-Петербург қаласында ТМД ПАА Құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысына қатысты. Отырыста «Міндеттеме құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» (жаңа редакцияда), «Қылмыстан зардап шегушілерге келген зиян орын толтыру туралы» үлгі заң жобалары қаралды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы 2016-2020 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың келешек жоспарын жүзеге асыру қорытындылары тыңдалды», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.Парламент жоғарғы палатасының мәліметінше, жиында Ұлттық заңнамаға үлгі заң жобаларының ережелерін енгізу мәселелері талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша аталған үлгі заң жобалары мақұлданып, ТМД ПАА пленарлық отырысында ұсынылатын болды. Сенатор сол күні депутаттар тобымен бірге Санкт-Петербург қаласындағы Жамбыл Жабаев пен Әлия Молдағұлованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.