Сенатор: Су тапшылығының болатыны жыл басынан сезіліп тұр

10 Наурыз 2022, 12:22
1339
Бөлісу:
Сенатор: Су тапшылығының болатыны жыл басынан сезіліп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Әли Бектаев Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.

Депутаттық сауалға аграрлық сектордағы қордаланып, түйіні шешілмей отырған бірнеше проблема себеп болып отыр.

Сенатор ауыл шаруашылығына қажетті ағын судың тапшылығы және оның бағасы туралы айтты.

Су тапшылығының болатыны жыл басынан сезіліп тұр. Биыл оңтүстік өңірлердегі шаруаларға экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан ауыр соғайын деп отыр. Оның үстіне ағын суға бөлініп жүрген субсидиялардың «тағдыры» әлі белгісіз. Соған қарамастан «Қазсушар» АҚ ағын судың бағасын 2,5 есе қымбаттатып отыр. Негізгі себеп – шетелдік қаржы ұйымдарынан алған қарыздарын төлеу уақыты келгендігі, - дейді Әли Бектаев.

Оның сөзінше, ел үкіметі биылдың климаттық ерекшеліктерін, соңғы екі жылдың пандемияға қатысты ауыртпалықтарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз етудің, оның бағасын төмендетудің нақты шараларын қабылдауы қажет.

Қажет болса, әлемдік қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп, шетелдік қарыздарды төлеу мерзімдерін қайта қарауды ұсынамыз, - деп атап өтті Сенат депутаты.

Өзгелердің жаңалығы