Сенатор ТүркПА семинарына қатысты

15 Маусым 2020, 20:03
1548
Бөлісу:
Сенатор ТүркПА семинарына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров "COVID-19 пандемиясы аясында су және жер ресурстарын қорғау" тақырыбы бойынша Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының онлайн конференция түріндегі семинар жұмысына қатысты.

Семинарға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанның және түрлі халықаралық ұйымдардың 50-ден астам өкілі қатысты. Шара барысында Парламент мүшелері, заңгерлер мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар экологиялық қауіп-қатермен күрес жөнінде пікір алмасты.

Қайрат Қожамжаров өз сөзінде бүкіл әлемде пандемия жағдайында ауыз сумен қамтамасыз етудің жетіспеуі, сондай-ақ су қорларының сарқылуы мен ластануымен қоса су проблемаларының шиеленісу қаупі арта түсетінін атап өтті.

Қатысушылар Ассамблеяға қатысушы елдердің су және жер ресурстарын қорғау және басқару саласындағы ұлттық заңнамаларын жетілдіру мен үйлестірудің маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы