Депутат Сүйіндік Алдашев Сенат отырысында Маңғыстауда шағын мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, көлік логистикасын дамыту – ел экономикасының өсуіндегі негізгі факторлардың бірі. Алайда Маңғыстау облысында авиациялық жанармаймен қамту түйткілі шешілмегендіктен, өңірде атқарылып жатқан іргелі инфрақұрылымдық және туризмдік жобалардың жүзеге асуына қатер төндіріп отыр.
Сенатордың мәлімдеуінше, аймақта стратегиялық тұрғыдан маңызды бастамалар қолға алынған: Ақтау теңіз айлағын тереңдету, мультимодальды контейнерлік орталық салу, Кендірліде авиациялық торап пен жаңа әуеайлақ тұрғызу, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі көлік дәліздерін ілгерілету. Бұл қадамдар Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін күшейтіп, Маңғыстауды жаһандық логистикалық тізбектерге ықпалдастыруға бағытталған.
Алайда қазіргі таңда әуе тасымалы саласында шешімін таппай келе жатқан мәселе еліміздегі авиаотынның тапшылығы, бұл өз кезегінде тасымал құнын арттырып, аймақтық әуе қатынасының бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде. Қымбат авиаотынға байланысты көптеген халықаралық рейстер экономикалық тұрғыда тиімсіз болып отыр, соның салдарынан авиациялық логистиканы қажетті деңгейде дамыту мүмкін болмай тұр. Бұл өз кезегінде аймақтық және халықаралық сауданы шектеп, туризм ағымын арттыруға кедергі жасауда, – деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.
Сондай-ақ сенатор Қазақстан жыл сайын шамамен 650–700 мың тонна авиациялық керосин өндіріп отыр, алайда ішкі сұраныс көлемі 1 млн тоннаға жуықтайтынын алға тартты. Осы тапшылықтың орнын толтыру үшін 300 мың тоннадан астамы, соның ішінде Ресейден, сырттан жеткізіледі.
Сонымен бірге, Маңғыстау өңірінде жаңа әуе торабы іске қосылғаннан кейін авиациялық отын тұтыну көлемі жылына 15 мың тоннадан 120–130 мың тоннаға дейін ұлғаяды деп болжанып отыр.
Бұдан өзге, депутат дизель отыны мен бензин сияқты өзге де мұнай өнімдері бойынша қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Бұл өнімдердегі тапшылық та көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіруі мүмкін.
Осыған байланысты сенатор стратегиялық маңызды қадам ретінде қуаттылығы 5 млн тоннаға дейін жететін шағын мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды.
Шағын мұнай өңдеу зауыты өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, импорттық мұнай өнімдеріне тәуелділігін азайтып, жанар-жағармай логистикалық шығындар мен жеткізу уақытын