Сенатор: Экономиканы дамыту үшін тері мен жүнді қайта өңдеуді дамыту маңызды

Кеше, 21:06
389
Бөлісу:
Сенатор: Экономиканы дамыту үшін тері мен жүнді қайта өңдеуді дамыту маңызды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстанда былғары мен жүнді қайта өңдеу салалары ескі технология мен жүйелі мемлекеттік қолдаудың болмауына байланысты құлдырап барады. Депутат Сәкен Арубаев өзінің депутаттық сауалында осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор қайта өңдеу кәсіпорындары қуатының 6-26% ғана пайдаланып келе жатқанын атап өтті. 2023 жылы өндірілген 2,5 миллион ірі қара терісінің тек 8%-ы ғана өңдеуге жіберілді, ал шикізаттың көп бөлігі өңделмеген күйінде қалып отыр. Жүнді қайта өңдеу саласында да осындай жағдай қалыптасты: 13 кәсіпорынның тек 4-і ғана жұмыс істейді.

Тері мен жүн сапасын арттыруға арналған ұлттық стандарттар мен талаптарды әзірлеу, заманауи технологияларды енгізу және инфрақұрылымды дамыту, кәсіби мамандарды даярлау жүйесін күшейту, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер беру бағыттарына тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шаралар қабылдауды сұраймыз. Аталған сала ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамтудың негізгі көзі ғана емес, сондай-ақ экспорттық табысты арттыру мен экономиканы әртараптандыру бағытында үлкен әлуетке ие, - деді депутат Сәкен Арубаев.

Өзгелердің жаңалығы