Сенат депутат Андрей Лукин Премьер-министр Олжас Бектеновке сауалды жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда Қарулы Күштер қатарында шұғыл әрі түбегейлі шараларды талап ететін мәселелер бар. Әскери қызметшiлердiң алдында тұрған ерекше жағдайларды ескере отырып, әскери қызмет өткеру үшiн қауiпсiз және жайлы жағдайларды қамтамасыз етудiң, моральдық және материалдық ынталандырудың толық спектрiн қамтамасыз етудiң тұрақты жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жеделдету қажет, – деді депутат.
Оның сөзінше, негізгі басымдықтарды әскери қызметкерлердің әлеуметтік жеңілдіктеріне бағыттау қажет.
Онда қандай міндеттер болуға тиіс?
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жылына бір рет демалыста және кері қайтуға теміржол көлігімен тегін жүруі;
Қоғамдық көлікте, қалалық, қала маңындағы және жергілікті көлікте тегін жүру;
Далалық төлемдер;
50% көлемінде коммуналдық қызметтерді өтеу;