Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғұмар Дүйсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, Атырау мен Ақтау қалаларында орналасқан арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіру қажет.
Айта кетерлігі, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың алдында тұрған проблемаларды зерделеу үшін 28 және 29 қазанда осы өңірлерге барып, кәсіпкерлермен кездескен болатын.
Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ға қатысушылар аймақтарды тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, оның ішінде аумаққа газ әкелуді, газ тарату станциясын салуды және Атырау-Доссор автомобиль жолының учаскесін кеңейтуді сұраған еді.
«Ақтау теңіз порты» АЭА бойынша АЭА-да жұмыс істеп тұрған және болашақ қатысушылар үшін аймақтың жұмыс істеу мерзімін ұзарту, оның аумағында тоқыма саласын дамыту мәселесін шешу, сондай-ақ АЭА аумағын кеңейту және газ-сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет, - деді Ғұмар Дүйсембаев еліміздің Премьер-министріне жолданған депутаттық сауалында.
Депутат осыған байланысты Министрлер кабинетінің басшысына арнайы экономикалық аймаққа проблемаларды шешу, сондай-ақ депутаттар айтқан ұсыныстарды ескеру туралы өтініш айтты.