Сенатор Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

30 Желтоқсан 2024, 17:50
319
Бөлісу:
Сенатор Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Фото: сенат

Сенат депутаты Жанна Асанова Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы барысында парламентшілердің өткен жылғы жұмысының қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол заң шығарудағы жүзеге асқан маңызды бастамалар мен қолданыстағы заңдарға енгізілген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін өзгерістер туралы хабардар етті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, халыққа несие беру шарттары, авторлық құқықты қорғау, креативті индустрияны дамыту және балалардың жақ-бет патологиясы саласында медициналық көмек көрсетуді жақсарту сияқты заңдарға ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін мәселелер де айтылды. Өйткені олар бүкіл елге әсер ететін маңызды қоғамдық және экономикалық аспектілерге қатысты болып отыр. Жанна Асанова осы аймақтағы қоғам мен атқарушы билік арасындағы өзара нәтижелі іс-қимыл тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып отырғанын және басқа өңірлерге кеңінен қанат жаюы тиіс екенін атап өтті.

Жанна Асанова кездесу қорытындысы бойынша аса маңызды мәселелер белгілі болғанын және оны заң шығару жұмысы барысында пайдаланатынын және қажет болған жағдайда депутаттық сауал әзірлеу туралы бастама көтеру ниеті бар екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы