Сенатор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шараға қатысты

30 Желтоқсан 2024, 13:40
360
Бөлісу:
Сенатор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шараға қатысты
Фото: сенат

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай мерейтойлық шараға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұртөре Жүсіп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның білім беру және ғылым саласында алдыңғы орындағы орталықтың бірі екенін айта келіп, тоқсан жылда еліміздің білім беру жүйесіндегі аса маңызды оқу ордасына айналғанын жеткізді. Университет Қазақстан мен жалпы қоғамның дамуына елеулі үлес қосатын болашақ мамандар даярлау ісіне аянбай атсалысып келеді.

ҚазҰУ-дың 90 жылдығы – ұдайы алға жылжу және ұлы жетістікке жету жылдары болып отыр. Университет жоғары білім мен ғылымның бет-бейнесі, сондай-ақ Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін маңызды орталық болып қала береді. Болашақта ҚазҰУ-дің халықаралық аренадағы орны биіктей беретініне және студенттердің жаһандық әлемде табысқа жетуіне мүмкіндік беретін білім алатынына сенімдімін, - деп атап өтті сенатор.

Сенатор сөзін аяқтай келіп, осындай маңызды шараға қатысу мүмкіндігіне орай ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Университеттің нәтижелі жұмысына тілектестігін жеткізген ол ҚазҰУ жаңа биіктерге ұмтылған талантты және өршіл студенттердің мекені болып қала беретініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы