Сенат төрағасы ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысты

18 Сәуір 2019, 21:26
1783
Бөлісу:
Сенат төрағасы ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербугте ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Онда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қырық тоғызыншы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы қаралды, соңғы уақытта ұйымға қатысушы елдерде өткен сайлау мониторингіне ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушыларының қатысу мәселелері жария етілді. ТМД ПАА-ның демократия мен парламентаризмді дамыту саласындағы қызметі тұрғысында отырыста «Сайлау институты жария билікті заңдастырудың тетіктері ретінде» халықаралық конференциясына дайындық барысы туралы ақпарат тыңдалды. Кеңес Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында осы мерекеге дайындық мәселесін талқылады. Кеңес мүшелері сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі терроризмге қарсы қызметті құқықтық қамтамасыз ету туралы ақпаратпен таныстырылды және ТМД ПАА жанындағы байқаушының мәртебесі туралы ереженің жобасын қарады.

Кеңес мүшелері шара соңында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 2018 жылғы қызметін қорытындылап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы үлгі заң шығарудың кезекті кезеңге арналған жобасын қалыптастыру мәселесін саралады.

Өзгелердің жаңалығы