Сенат Төрағасы Сауд Арабиясының Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен кездесті

16 Қыркүйек 2022, 17:18
1455
Бөлісу:
Сенат Төрағасы Сауд Арабиясының Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен кездесті

Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенат Спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев министрге VII Съезд жұмысына қатысқаны және форум көздеген мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Сондай-ақ Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Өз сөзінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің беделі мен рөліне, Қазақстанның конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесіне тоқталды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты арттыру және дінаралық диалогты халықаралық деңгейде одан әрі ілгерілету жөніндегі міндеттерге де назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы