Сенат төрағасы ресми сапармен Өзбекстанға барды

29 Қазан 2022, 11:51
1020
Бөлісу:
Сенат төрағасы ресми сапармен Өзбекстанға барды

Өзбекстанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 54-ші пленарлық отырысы болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына және Қазақстан мен Өзбекстан Парламенттерінің Сенаттары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу үшін Самарқанд қаласына барды.

Ол сапар барысында қаланың даму қарқынын жоғары бағалады.

Қазіргі таңда қаланың екінші тынысы ашылып, даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді десек, артық бола қоймас. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 54-ші пленарлық отырысының дәл осы шаһарда өтуі де соның жарқын көрінісі. Отырыс барысында түрлі бағытта парламентаралық ынтымақтастық пен диалогты дамыту жолдары жан-жақты талқыланды,-дейді.

Сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы алаңында бауырлас елдердің Парламенттері Палаталарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, маңызды мәселелерге назар аударылғанын айтады.

Сенат төрағасы ресми сапармен Өзбекстанға барды

Осы ретте ТМД ПАА аясындағы іс-шараларда барлық мәселе ұлттық мүдделер ескеріле отырып талқыланғанын атап өткім келеді. Бұл Достастық кеңістігінде ұзақмерзімді орнықты дамудың негізі екені сөзсіз. Сапар барысында Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Tanzila Narbaevaмен бірге екі елдің Сенаттары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші отырысын өткіздік. Кездесуде екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттары, Арал проблемасы, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту және тағы басқа мәселелер сөз болды,-дейді ол.

Айтуынша осындай маңызды әрі нақты шаралар алдағы уақытта тамыры бір екі халықты одан әрі жақындастырып, елдеріміздің өзара қарым-қатынасын арттыра түседі деп сенеміз. Сондықтан Парламент Сенаты осы жолдағы белсенді жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек.

Өзгелердің жаңалығы