Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір
алмасты.
Сенат төрағасы ел президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған Палатаның жұмысына тоқталып, Мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті, - делінген хабарламада.Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің Парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.