Сенат пен Мәжіліс каникулға кетті

30 Маусым 2022, 10:49
1516
Бөлісу:
Сенат пен Мәжіліс каникулға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының бірлескен отырысында жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты. 

Ерлан Қошанов жетінші сессияда атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Біз қызметімізде сайлаушылармен байланысқа аса көңіл бөлдік. Бүгінгі таңда демократиялық дәстүрлері толысқан мықты азаматтық қоғам құрып жатырмыз. Бұл – біздің стратегиялық бағытымыз. Мемлекет басшысы осы бағытты берік ұстану керегін ерекше атап өтті. Сондықтан депутат пен халық арасында мазмұнды диалог жолға қойылуы тиіс. Осы бағытта депутаттар өңірлерге 8 мәрте барып, 7200-ге жуық кездесу өткізді. Кездесулер барысында көтерілген проблемалық мәселелер мемлекеттік органдар мен көптеген депутаттық сауалға негіз болды, - деді Қошанов. 

Ол атағандай, қоғамды толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алу мақсатында Парламент қабырғасында сайлаушылардың көкейкесті проблемаларын шешу туралы Үкімет мүшелерінің жауабы тыңдалды. 

Мұндай жұмыс форматы қоғамда көтерілген проблемаларды тиімді әрі уақытылы көтеруге мүмкіндік берді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады, - деді ол. 

Қошанов өткен сессияда депутаттық корпус Үкіметпен тығыс жұмыс жасағанын атап өтті. 

Жетінші сессиясына қорытындылай келе қос палатаның басқа елдермен және халықаралық ұйымдарымен тығыз жұмысын атап өткен жөн. Біз заң щығару жұмысына ерекше қарқын бердік. Кезекті парламеттік сессияда ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға, Конституциялық нормаларды іске асыруға негізделеді, - деді Қошанов. 

Ол күзгі сессияда депутаттар Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларын жүзеге асыратынын айтты. 

Қошанов Парламенттің қос палатасының мүшелеріне осы сессиядағы жұмыс үшін алғыс айтты.

Жұмысымызды жоғары деңгеде жазып, көрсетіп жүрген БАҚ құралдарына да алғыс айтқым келеді. Алдағы жұмысымызда біз Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын бірге жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек. Елімізде болып жатқан өзгерістерге әрқайсымыз бір кісідей қарап, жұмыла кіріссек қана, Жаңа Қазақстан құрамыз, - деді Қошанов. 

Өзгелердің жаңалығы