Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды.
Парламенттің жоғары палатасының отырысында тұрақты комитеттердің төрағалары сайланды.Сенатор Владимир Волков Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.
Серік Жақсыбеков Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып сайланды.
Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.
Әли Бектаев Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.