Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды

13 Қаңтар 2022, 13:54
1854
Бөлісу:
Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды - делінген хабарламада.

Сәуле Айтпаева - 1960 жылы 22 мамырда туған, қазақ, білімі жоғары. 

А.А. Руденко атындағы Свердловск заң институтын бітірген «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 

ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы, ҚР Бас Прокуратурасының басқа да жауапты лауазымдарында қызмет атқарды.

II дережелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» «Ақмола облысының құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталған. Сыныптық шені - 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, генерал.

Өзгелердің жаңалығы