Сенат депутаты Ресейде оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

27 Мамыр 2022, 09:41
1315
Бөлісу:
Сенат депутаты Ресейде оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Ресей Федерациясына сапары барысында Санкт-Петербург қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сұлтанбек Мәкежанов жастармен әңгіме кезінде еліміздің негізгі заңына енгізілетін негізгі жаңалықтар, оның ішінде Президенттің кейбір өкілеттіктерін алып тастау, қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана емес, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау кезінде мәжбүрлі еңбек сияқты жазалау шарасын белгілеу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Кез келген қолға алынған реформа қоғамның қарқынды өзгеруін талап етеді. Конституцияға енгізілетін, республикалық референдумға шығарылған барлық түзету – Президенттің үндеулер мен басқа да ресурстар арқылы қоғамнан алған өтініш-сауалдардың жинағы. Осыған байланысты бесінші маусымында әрбір қазақстандық өз таңдауын жасауы тиіс, - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутат сонымен қатар Мемлекет басшысы ұсынған реформалар саяси жүйені демократияландыру мен еліміздің барлық азаматтарына саяси шешімдерге ықпал ету және жаңа Қазақстанның құрылысына тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы