Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәселесі айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күні кеше 18:00-ге дейін Сенат депуттаттарына өтінім қабылдау тоқтатылды. Сәйкесінше, әр аймақтағы Орталық сайлау комиссияларының төрағалары осы мәселе туралы баяндама жасады.
Астана қаласы аумақтық комиссиясының төрайымы Ғаиза Бектемісова кандидаттардың барлығы өз-өзін ұсынғандар екенін айтады.
Астана қаласы бойынша Парламент сенатының депутаттағына өз кандидатурасы ұсыну бойынша 10 адамнан ұсыныс келіп түсті. Олардың - алтауы ер адам, төртеуі әйел адам. Кандидаттардың 8-і барлық талапқа сай, екеуі сәйкес емес деп танылды, - деді.
Айгүл Қалықова Алматы облысы бойынша мәліметтерді ұсынды.
Алматы облысы бойынша 10 адамнан ұсыныс келіп түсті. Олардың ішінде төртеуі - жеке тұлғалар, біреуі - әкімшілік қызметкері және заңгерлер де бар. Орташа жас - 43 жас. Күні кеше кандидаттарды ұсынып, тіркеу аяқталды, - деді ол.
Шымкент қаласы аумақтық комиссия төрағасы Қайырбек Көбекұлы қанша адамнан ұсыныс түскенін айтты.
Шымкент қаласы бойынша 6 адамнан ұсыныс келіп түсті. Оның бесуі-ер адам, біреуі-әйел. Олардың орта жасы 49-ды құрады. Олар - заңгер, мұғалім, экономистер, - деді ол.
Абай облысы бойынша ақпарат берген аумақтық комиссия басшысы Наталья Анатолиевна былай дейді.
Сенат депуттаттығына Абай облысы бойынша 8 адамнан ұсыныс келіп түсті. Олардың ең жас мөлшері - 39-ды, ал ең үлкен кандидаттың 72-де, - деп атап өтті ол.
Ақмола бойынша депутаттыққа 5 адам өз кандидатурасын ұсыныпты.
5 адам өз кандидатурасын ұсынды. Олардың ішінде екі ер, үш әйел. Қызметтері бойынша: ауыл шаруашылық қызметкері - 2, экономист - 1,мұғалім - 1, экономист - 2. қазіргі таңда үш кандидат тіркелді, - деп ақпарат берді Манарбек Айдарбекұлы.
Атырау облысы бойынша да 5 адам кандидатурасын ұсыныпты.
Атырау облысы Сенат депутаттығына кандидаттыққа 5 адам өз кандидатурасын ұсынды.Оларды тіркеу қазіргі таңда қарқынды жүргізіліп жатыр, - деді Азамат Мақсұтұлы.
Жамбыл облысы бойынша да ақпарат берілді.
Жамбыл облысы бойынша - 5 кандидаттан өтінім келіп түсті. Барлығы ер азаматтар. Орта жасы - 47, - деді Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Оразақұлы.
Сондай-ақ, баяндама жасаған Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Қаршығаұлы кандидаттарды тіркеу жұмыстары басталғанын айтты.
Облыс бойынша 7 өтініш түсті. Оның алтауы өз-өзін ұсынғандар. Орташа жасы - 51. Мамандығы бойынша заңгер, оқытушы, экономистер бар. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну аяқталды, - деді ол.
Сөз алған Ғалым Қонақбайұлы Қызылорда облысы бойынша мәліметтер берді.
Қызылорда облысы бойынша 8 азаматтан өтініш келіп түсті. Кандидаттардың барлығы ер азаматтар. Орташа жас - 49. Сайлау науқаны бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі, - деді ол.
Осылай басқа өңірлер де отырыс барысында баяндама жасап, ақпараттар берді. Алдағы уақытта кандидаттар толық тіркеліп, күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқаны өткізілетін болады.