Сенат депутаттары заң жобасын Мәжіліске қайтарып жіберді

17 Қыркүйек 2020, 11:37
1445
Бөлісу:
Сенат депутаттары заң жобасын Мәжіліске қайтарып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлық туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы Сенаттан Мәжіліске қайтарылды.

Заң жобасы Сенаттың 10 қыркүйектегі  отырысында бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Бірақ бүгін екінші оқылымнан кейін Мәжіліске қайтарылды. Жалпы, заң жобасы 4 кодекс пен 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Сенат депутаттарының ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізу ұсынылады, оған сәйкес қылмыс жасауға арандату деп кейін әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның заңсыз әрекеттері жатады, - дейді сенатор Андрей Лукин.

Оның айтуынша, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 1-бабының 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген 2-1-бөлігіне сәйкес кодекске өзгерістер немесе толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл заң жобасынан кодекске осы түзетулерді алып тастау қажет.

Депуттардың басым көпшілігі бұл ұсынысты қолдады.

Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шараларды енгізу:

- мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді; - өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы