Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Сергей Карплюк және Бақытжан Жұмағұлов ТМД Парламентаралық Ассамблеясы отырыстарының жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сұлтанбек Мәкежанов ТМД ПАА-ның Мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында басқа елдердің парламентшілерімен бірлесе отырып жергілікті деңгейде экологиялық саясатты іске асыру, дағдарысқа қарсы реттеудің заңнамалық тәжірибесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктеріне байланысты және басқа да мәселелерді талқылады.
Сергей Карплюк ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысында әріптестерімен бірге ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің 2023 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы заңдарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады.
Сенатор Бақытжан Жұмағұлов ТМД ПАА-ның Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған үлгі ақпараттық кодекстің жаңа редакциясының жобасын, «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін мемлекеттік аттестаттау туралы» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық сараптама туралы» үлгі заңдардың мәселелерін талқылады.