Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды

12 Қараша 2024, 09:58
223
Бөлісу:
Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды
PHOTO
Фото: СҚО әкімдігі

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутаттар өңірімізге іссапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық және инвестициялық әлеуетімен таныспақ. Бүгін сенаторлар инновациялық жылыжай кешені мен қағаз өнімдерін шығаратын фабрикада болды. 

Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды

Сондай-ақ Сенат депутаттары зауыттар мен ЖЭО-2-де болып, жол жөндеу жұмыстарының нәтижесін қарайды.

Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды

Жалпы облыста 755 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестжоба жүзеге асуда. 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жүк тиеу жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникасы, нан өнімдері, керамикалық кірпіш және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылмақ.

Өзгелердің жаңалығы