Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Сайрам ауданында іс-сапарымен болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олар жергілікті тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Олардың шешу жолдарын талқылады. Халықтың игілігі мен мемлекеттің дамуы үшін қолданысқа жаңадан енген заңдарға, сонымен қатар талқыланып, қаралып отырған заң жобаларына, қабылданған өзге де өзгерістерге тоқталып өтті.
Жиында бірқатар тұрғындар мен белсенділер тарапынан егінді суғаруға су науаларын салу, азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдері бағаларының негізсіз өсуін тоқтату, ауыз су жүйелерін қаржыландыру, интернет желісін жылдамдату секілді өзекті мәселелердің заң аясында зерделеп, шешімін табуға ықпал етулерін сұранды. Сенаторлар барлық сұрақтарды заң аясында қарап, бақылауға алынатынын айты.
Сенаторлар сапар барысында сондай - ақ диқандармен жүздесіп, жылына екі өнім өсіретін шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 4 гектар жерге картоп еккен шаруа гектарына 25-30 тоннаға жуық өнімдерін жинап алған. Екінші айналымында қияр және қырыққабат көкөністерін өсіруде. Жалпы әр гектарынан 60-80 тонна шамасында өнім алады.