Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заң жобасын қабылдады

29 Қыркүйек 2022, 10:54
791
Бөлісу:
Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заң жобасын қабылдады

Сенат отырысында депутаттар Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң жобасының мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау. Заң жобасына сәйкес комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен еңбек шарттары комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасалатын болады. Норманың қолданыстағы редакциясында 4 жылдық мерзім беріледі.

 Заң жобасында Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғаларының еңбек шарттарының мерзімін өзгерту, мүше мемлекеттің комиссияға жұмыс істеуге түсуге ниет білдірген кандидаттарды ұлттық іріктеу жүргізу мүмкіндігі, қызметкерлерді мерзімі шектелмеген уақыттан 5 жылдық келісімшарттарға ауыстыру, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді өтпелі мерзімдерге ауыстыру бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа түзетулер көзделген, - деп атап өтті  Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Айтуынша, қызметкерлер әр үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді. 

Бұл жағдайда 4 жылдық келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты директор немесе директордың орынбасарлары комиссия алқасының жаңа мүшесінің алдына қойған міндеттерін орындауға үлгермеген кезде, комиссияның жұмысында қиындықтар туғызады. Бұл ретте жаңа лауазымды тұлғаларды тағайындау, сондай-ақ бұрын жүргізілген жұмысқа толыққанды тарту белгілі бір уақытты алады. Осы норма комиссия алқасының жаңа құрамының келуімен комиссияның лауазымдық деңгейін бір мезгілде жаңартуға мүмкіндік береді, - деді министр.

Белгілі болғандай, бұл норманы  іске асыру комиссияның кадрлық құрамын жаңартуға, оның ішінде Қазақстанның өкілдігін күшейтуге, сондай-ақ Қазақстан өкілдерін комиссияда ротациялауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы