Сенат балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды қабылдады

14 Наурыз 2019, 15:52
2465
Бөлісу:
Сенат балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды қабылдады

Астана, BAQ.KZ. Бұл аса маңызды мәселе. Деректер бойынша бес жылда 4740 бала зорлық-зомбылық құрбаны болды.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылына арналған дөңгелек үстелде мектептерде жиі орын алып отырған зорлық-зомбылық жағдайлары – бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшілік екенін атап өткен болатын. Бұл мәселеге көз жұмып қарамай, нақты шаралар қолдану қажеттігі айтылған болатын.

Депутаттардың бастамасы бойынша, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипатта жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық күшейе түседі. Ол ата-аналардың, өгей әке-шешелердің, мұғалімдердің, қамқоршылардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және зорлық әрекеттері үшін жазаға байланысты болып отыр. Бұл баптар бойынша бостандықтан айыру түріндегі жаза мерзімін 12-ден 17 жылға дейін кесу көзделіп отыр. Кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін жаза қатая түседі.

Заң бұл баптар бойынша сотталғандардың өмір бойына мұғалімдік және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін лауазымдарды атқаруына міндетті түрде тыйым салу туралы маңызды ережені көздейді.

Өзгелердің жаңалығы