Сенатқа депутаттыққа сайланғандардың ең жасы - 44-те

12 Тамыз 2020, 17:56
2023
Бөлісу:
Сенатқа депутаттыққа сайланғандардың ең жасы - 44-те
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Депутаттар аймақтар атынан сынға түскен болатын.

сау1.JPEG

Бүгін дауыс беретін барлық 3 071 мәслихат депутатының 2 892-сі тіркеліп, Сенат депутаттарын сайлады. 

сау2.JPEG

Елордадан қатысқан үш кандидаттың арасында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры және ауыл шаруашылығының экс-министрі Ақылбек Күрішбаев жеңіске жетті. 

сау3.JPEG

Қазіргі депуттатардан СҚО-дан қатысқан Ольга Перепечина, қарағандылық Сергей Ершов, шымкенттік Айгүл Қапбарова, түркістандық Әли Бектаев тағы бір мерзімге сайланды. 

сау4.JPEG
Айтпақшы, сайланғандардың ең жасы 44-те. Ол - Батыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 70,33 пайыз дауысына ие болған, өзін-өзі ұсынушы, Орал гуманитарлық колледжінің қаржы директоры Ләззат Рысбекова.

Сонымен толық тізім мынандай: 

Ақмола облысынан – Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы Нұрлан Бекенов – 89.5%;
•  Ақтөбе облысынан – Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев - 89%;
•  Атырау облысынан –"Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк" ЖШС басқарушы директоры (KPI Inc) Сағындық Лұқпанов - 82.69%;

•  Батыс Қазақстан облысынан – іскер әйелдері қауымдастығының аймақтық басшысы Ләззат Рысбекова - 70,33%;

•  Жамбыл облысынан – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков - 92,09%;
•  Қостанай облысынан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк - 87,21%;

сау7.JPEG

•  Қызылорда облысынан  - Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова - 77,86%;
•  Маңғыстау облысынан - "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев - 87%;
•  Павлодар облысынан – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы - 81,97%;

сау6.JPEG

•  Солтүстік Қазақстан облысынан  – қазіргі Сенат депутаты Ольга Перепечина - 87,57%;
•  Түркістан облысынан – қазіргі Сенат депутаты Әли Бектаев - 91,53%;
•  Шығыс Қазақстан облысынан – Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина - 93,07%;
•  Алматы облысынан  – Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсембинов – 92,63%;

•  Қарағанды облысынан – қазіргі Сенат депутаты Сергей Ершов – 83,15%;
•  Нұр-Сұлтаннан – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев - 75%;
•  Алматыдан – Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов - 100%;
•  Шымкенттен – қазіргі Сенат депутаты Айгүл Қапбарова – 72%.


Өзгелердің жаңалығы