Өткен демалыста Швейцарияда шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған сында Қазақстан жастар командасы финалға дейін жетті.
Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов үштігі ақтық сында Венгрия құрамасына есе жіберді.
Ал турнир барысында Польша, Швейцария мен Америка құрамаларынан басым түсті.
Оқи отырыңыз: