Семейлік екі сиырды жигулиіне тиеп алған

Бүгiн, 11:30
266
Бөлісу:
Семейлік екі сиырды жигулиіне тиеп алған
VIDEO
Фото: скриншот

Семейде сиырларды "жигулидің" артқы орындығына тиеп алған ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, Абай облысының тұрғыны "жигулидің" салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. 

Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады. 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген, - дейді тәртіп сақшылары.

Өзгелердің жаңалығы